Жас ақындар айтысы

айтысЖуырда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Б.Қолдасбаев атындағы орта мектептің акт залында аудан мектеп оқушыларының "Тәуелсіздік – тұғырым" атты айтысы өткізілді. Айтыста аудан мектептерінің жас ақындары бақ сынасты.
Нәтижесінде 1-ші орынды Н.Мейірманов атындағы мектептің 10 сынып оқушысы, облыстық айтыскер жас ақындардың жеңімпазы Айтбай Еркінғазы, 2-ші орынды Жасбуын орта мектебінің оқушысы Ералхан Қалижанов, 3-ші орынды Қабырға ауылындағы Н.Крупская атындағы орта мектептің оқушысы Еркебұлан Несіпбеков еншіледі.
Марқұм, белгілі сынықшы Құрақбай Әмірғазин атындағы арнайы дайындалған жүлде ерекше көзге түскен Н.Мейірманов атындағы орта мектептің оқушысы Ернұр Әуезханға берілді.
Айтысты өткізуге аудандық орталық кітапхана ұжымы (директоры Р.Әлмағанбетова), Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйі (директоры О.Қылдыбаев), аудандық Сатыбалды ишан атындағы мешіт (бас имамы Ж.Әмірхамзин), А.Иманов мемориалдық музейі (басшысы Н.Игіліков) және сынықшы Қ.Әмірғазиннің баласы С.Әмірғазиндер демеушілік жасады.
Хамитбек
     МҰСАБАЕВ
Аманкелді ауданы.
Суретте: айтыс жеңімпаздары.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓