1,6 келі есірткі тәркіленді

Қостанайда Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарманың (ҰҚКБ) қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі партиясын тәркіледі. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. героин
Тәртіп сақшылары 17 қаңтарда екі күдіктіні ұстап, олардын 1,6 келі есірткілік зат тәркіледі. Департаменттегілердің айтуынша, бұл қылмыстық топ 2018 жылдан бері тыстай бақылауға алынған.
"47 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйелді құрықтау операциясы Қостанай қаласы маңындағы Киев елді мекенінде іске асты. Күдікті ер адам есірткілік затты асқан айламен, көшедегі әжетхананың еденінің астына жарысып келген. Іші есірткіге толы құтыны пакетке салып, оны шегеге салбырата іліп қойып, сақтап жүрген. Тәркіленген героин есірткісінің салмағы 1 келі 615 грамм болды. Сондай-ақ, ҰҚКБ қызметкерлері оның 35 жастағы сыбайласының үйінен жалпы салмағы 13 грамм болатын 18 орама табылды", – делінеді хабарламада.  героҚазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыскерлер дүние-мүліктері тәркілене отырып, 10-нан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Әзірге олар уақытша қамау изоляторында отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓