Ауыл атын шығарды

4d4xWkzq

Арқалық қаласында қазақ және самбо күресінен спорт шебері Рамазан Сыздықовты еске алуға арналған республикалық ашық турнирге Әулие-көл ауданының Көктал орта мектебінің оқушылары – Төлеген Бегділдинов, Ахат пен Аят Сайтгараевтар, Аслан Ғазизовтар қатысып, өз күштерін сынап қайтқан болатын. Жас спортшыларды атал-ған мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абыл Ахмедбеков дайындады.
Балалардың осы сайысқа баруына демеушілік көрсеткен ауыл тұрғыны Ғазиз Хасенов пен балаларға доп және  спорттық  аяқкиімдер беріп, қуа-нышқа кенелткен аудандық балалар мен жасөс-пірімдер спорт мектебінің директоры В.Кузнецовқа мектеп ұжымының да айтар алғысы шексіз. Ал, үлкен жарысқа қатысып, ауылдың атын асқақтатып келген оқушыларға ауыл халқы да дән риза.
Қарлығаш
   ОСПАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓