Өмірін қимақ болған
Арқалық қаласының учаскелік полиция инспекторы өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды құтқарды. Зайыбы А.Әлмағамбетова күйеуін өлімнен арашалап қалған тәртіп сақшыларына алғыс білдірді. Оқиға Арқалық қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде болған. Бұл уақытта әйелі пәтерге кіре алмай қалады, себебі күйеуі есікті ішінен құлыптап алған. Әлмағамбетова өзінің учаскелік инспекторын жақсы білгендіктен, дереу қоңырау шалады. Күйеуінің есікті ашпай жатқанын айтып, көмек сұрайды. Оқиға орнына аға лейтенант Әбілбек Ағатанов пен полиция капитаны Дархан Тұрғанов келеді.
Пәтер бірінші қабатта болғандықтан, полиция қызметкерлері кіреберістегі маңдайшаға өрмелеп мінеді. Бұл кезде үй иесі өз-өзін дарға асқалы жатқан. Полиция қызметкерлері жақын маңда өтіп бара жатқан жігітті көмекке шақырып, одан пәтер терезесінен ішке еніп, есікті ашуды сұрайды.
Бірнеше минуттан кейін құтқару операциясы сәтті аяқталды. Тәртіп сақшылары ер адамды жіп ілмектен шешіп алып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Қазіргі уақытта ер адам ауруханадан шықты. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Қостанай облысы ПД-нің баспасөз қызметі