Теңіз тамшыдан құралады

OLYMPUS DIGITAL CAMERAКүнделікті өмірімізде баспасөздің алатын орны ерекше. Өйткені жаңалықтың жаршысы атанған газет, журнал таптырмас рухани байлық екені рас. Оқырманның төрінен табылатын басылымның бірі – облыс өмірінің айнасына айналған "Қостанай таңы" газеті. Бұл басылымның 90 жылдық шежірелі тарихы бар.
Үстіміздегі жылдың 10 желтоқсандағы №144 санында жарияланған "Әр отбасында "Қостанай та-ңы" болсын!" деген ашық хат бізді де бей-жай қалдырмады. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру жә-не авариялық-құтқару жұ-мыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің ұжымы "Қостанай таңын" жыл сайын жаздырып алып отырады. Біздің сүйікті газетіміздің бетінде жарияланып жүрген маңызды да мазмұн-ды мақалалар әрқашан көңілі-мізден  шығады.  Қызметте  әр-түрлі салада болып жатқан жаңалықтарды уақытылы оқып, қанығамыз.  Облыста  болып жатқан оқыс оқиғалар мен түрлі өзгерістерден хабардар болып қана қоймай, рухани байып қаламыз. Дәл қазіргі уақытта бұл басылымның ішкі, сыртқы безендірілуі мен мазмұны ерекше түрленді. Яғни, газет өз оқырманына тура жол тапты. Тарихымызды таразылап, тәуелсіздік талаптарына сай ұлттық сананы қайта түлетуге, өнер, құқық, денсаулық, тарих, спорт, әдебиет, білім, жас ұрпақ тәрбиесіне де назар аударып, сонымен бірге қоғамдағы жылт еткен жаңалықты немесе "әттеген-ай" дейтін келеңсіздікті жасқанбай көрсетіп, сол мәселенің орынды шешілуіне газет ұжымы аянбай тер төгіп келеді.
Газеттің сайтының өзі дербес интернет басылым. Газет бетін-де жарық көрген мақалалар сонда да жарияланады. Сонымен қатар жедел жаңалықтар мен онлайн  қызметі  енгізілген. Біз сияқты күш құрылымдарында "Қостанай таңын" қолдан-қолға алып оқу дағдыға айналды. "Те-ңіз тамшыдан құралады" дегендей, барша қауымды қара шаңырақ "Қостанай таңы" газетіне бір кісідей жазылуға үндейміз. 
Зәмзәгүл АЙДАРБЕКҚЫЗЫ,
облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓