Мал індетіне – тосқауыл
Облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыповтың басшылық етуімен кеңес өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселе облыс аумағындағы ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздік туралы болды. Баяндаманы облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берікжан Қайыпбай жасады.
2008 жылы мемлекет басшысы Н.Назарбаев үкіметке ветеринария жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне көшіру жөнінде бірнеше бағыттарды ұсынды. Соған байланысты облыста игі шаралар жүзеге асырылуда. Биыл өткен жылмен салыстырғанда жұқпалы инфекциялық аурулардың эпизоотикалық жағдайы жақсарғаны байқалды.
Атап айтқанда, ірі қараның бруцеллез ауруын жұқтырған он пункті бар еді. Соның екеуіндегі ауру мал сауықтырылды. Үшеуі қатаң бақылауға алынды. Қалғандарында сауықтыру шаралары жүзеге асырылуда.
Дегенмен, ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының таралуы әлі де бар. Мұнан бес жыл бұрын осындай жағдайдың орын алуына байланысты бруцеллезге он екі мыңнан астам малдың ұшырағаны анықталды.
Эпизоотикаға қарсы шараларды жүзеге асыру жергілікті атқару органдарына жүктелді. Сонан бергі үш жылда ірі қараның аталған ауруға шалдығуы үш есе азайды.
Әйтсе де, 2013 жылдың аяғында ірі ауыл шаруашылығы тауар өндіруші кәсіпорындарында бруцеллез ауруының деңгейі жоғарылағаны байқалды.
– Біз қол қусырып, қарап отырмадық. Жұқпалы аурулардың себеп-салдарын іздестіріп, таптық, – деді баяндамашы Берікжан Қайыпбай.
Оның айтуынша, біріншіден, бруцеллезді анықтау үшін жүргізілетін скринингілік әдістемемен диагностикалық зерттеуге табындағы малдың он пайызы ғана қамтылады. Мәселен, Қарасу ауданындағы Восточный ауылдық округі бойынша жекеменшіктегі малдың бес пайызы ғана зерттелген. Соның салдарынан үстіміздегі жылы жұқпалы аурулар 8,3 пайызға дейін артты.
Тағы да бір себеп, зертханалар зерттеу қорытындысын ұзақ уақытқа созады. Ауру мал айлар бойы оқшауланбай, басқа түліктерге жұқтырады.
Үшінші себеп, көптеген шаруашылықтарда әлі күнге дейін ведомстволық ветеринарлық қызметтің болмағандығынан. Таран, Федоров, Қарасу аудандарының әлденеше ауылдық округтері ветеринарлық стансаның мамандарымен толық қамтамасыз етілмеген.
Төртінші себеп, табындарды жайлауға көшірерде және күзде малды фермаға қайтарған кезде қораларға ағымдық дезинфекция жұмыстар жүргізілмейтініне байланысты болып жүр.
Бесінші себепті жекеменшіктегі бұқаларды зерт-ханалық тексерудің уақытылы есепке алынбауы-нан іздеу керек. Ауру малдың төлі дайындау орнына жөнелтілу қажет болса да, соған ешкім назар аудармайды. Бұл алтыншы себеп. Сонымен қатар (жетінші себеп) шаруашылық субъекті-лері де, жекеменшігінде мал ұстайтындар да жүргізілетін дезинфекцияның сапасына мән бермейді. Таран, Жітіқара аудандарында қолдан ұрықтандыру өндіріске толықтай енгізілмеген.
Осындай сегіз себептің негіздері анықталғасын ақпан айындағы ветеринарлық қызметтің кеңей-тілген кеңесінде орын алған кемшіліктермен күрес бағдарламасына алты бағыттағы шаралар енгі-зілді.
Алты ауданда бруцеллез ауруына байланысты эпизоотикалық жағдайды тұрақтандыруға сай жоспар жасалды. Ағымдағы жылы бруцеллез ауруын зерттеу 129 мың манипуляцияға немесе 33 пайызға дейін өсірілді.
Жалпылай алғанда, ауру малды дайындау орнына дер кезінде өткізу үшін республикалық бюджеттен жетпіс сегіз миллион теңге өтемақы ретінде төленді.
Диспансеризациямен қоса жекеменшіктегі малға орталықтандырылған ветеринарлық емдеу жүргізу үшін елді мекендерде фиксатор станогі орнатылды.
Ермекбай
ХАСЕНОВ