БАКУДЕН КЕЛГЕН АСПАЗДАР

            Эльвин Исаев – Қазақстан Республикасы Президенті аспазының шәкірті. Тамақ дайындау ісін жетік меңгерген Эльвин жақында Қостанайға ат басын тіреді. Ол Қазақстанға бұрыннан келгісі келіп жүргенін айтады. Сонау Бакуден келгендегі негізгі себеп – қазақ мәдениетімен тереңнен танысу Һәм тіл үйрену. Осы бағытта әзірбайжандық азамат қаладағы "Шеш-беш" кафесінде қызмет істеуге кірісті.IMG_4611 Палаудың жүзге тарта және кәуәптің елу шақты түрін жасай алатын Эльвин өзінің әр түрлі жобаларын астықты өлкеде жалғастыруды көздеп отыр. Айтпақшы, Эльвин Романоғлы Қостанайға өзінің командасымен бірге келді. Олардың өңірімізге аяқ басуына жағдай жасаған Бабак Рашидоғлы есімді кәсіпкер. Аспаздық өнердегі тәжірибесі мол Бабак аталмыш топқа басшылық жасайды. Оған "Шеш-беш" кафесінің алдағы жоспарлары жайында бірнеше сұрақтар қойған едік.IMG_4560
            – Бабак, алдымен Қостанайға қош келдіңіз! Бұл еліміздегі алғашқы сапарыңыз ба?
            – Аспаздық жолымызда біраз шет елдерде болып жүрдік. Көптеген елдің басшыларына тамақ дайындадық. Сіздердің Президенттеріңізді Бакуде де күттік. Сол кезде Қазақстанның қонақжайлығына, мемлекеттің саясатына қызығатын едік. Мен бұрын да осы елге келгенмін. Осылайша, өзіміз армандаған Қостанай өлкесіне де жеттік.
            – Асханаларыңызда, тағам түрлері болсын, қандай ерекшеліктер бар? Эльвиннен бөлек қанша аспаз жұмыс жасайды?
            Қостанайдағы басқа да кафелер мен асханалардан ең басты өзгешелігі, біз тек мұсылмандық өнімдерді ғана дайындаймыз. Тағам құрамына сиырдың, қойдың және тауықтың етін пайдаланамыз. Сондай-ақ, кәуәпті өзгеше дәмдейміз, оны шоққа күйдіру арқылы жасаймыз. Бұл аса ұқыптылықты қажет етеді. Эльвин де топтағы екі аспазға осы әдісті үйретіп жатыр.  IMG_4620                 – Алдағы жоспарларыңыз қандай?
            – Біріншіден, тобымызға жергілікті жердің жай-жапсарына қанық мұсылман азаматтарын алуды ойлап отырмыз. Бір жағынан, Эльвиннен аспаздықтың қыр-сырын үйренсе, екінші жағынан, ет өнімдері мен жеміс-жидектер, көкөністерді таңдауда бізге көмегі тиеді. Алдағы уақытта "Шеш-бешті" таза мұсылмандық кафеге айналдырсақ дейміз.
 
Қасқырбай Қойшыманов   
Суреттерді түсірген: Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓