65 жыл бойы басылыммен бірге

Газеттің оқырманы Қ.МолдабековСарыкөлдік Қабдолла Молдабеков ақсақал "Қостанай таңы" газетінің тұрақты оқырманы.  Ол – 65 жыл бойы  басылыммен бірге жасап келеді.    Яғни, газетті 12 жасынан оқи бастаған ақсақал,  бүгінде 77 жасқа келіп отыр.
– Әр қазақ өз құндылықтарын құнттауы қажет. Ана тілімізде шығатын төл газетімізді оқымау мүмкін емес. Себебі,  90 жылдан астам тарихы бар бұл басылым баршамыздың бет түзер айнамыз. Қазақтың мандайына біткен белгілі қаламгерлері – М.Сералин мен Б.Майлин бабаларымыз іргетасын қалап кеткен басылымға бала кезден бауыр басқаным бекерден-бекер емес. Алғаш  "Ауыл"  деп   аталған басылым, мен қолыма    алғанда "Большевиктік жол"   деп аталатын. Одан кейін "Коммунизм жолы",  "Коммунизм таңы" деп өзгерсе, ал азаттықтың ақ таңы атқаннан соң "Қостанай таңы" деп аталды.
Қостанай облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарын қамтитын, еркін тақырыптары еліктіре түсетін, аптасына 3 рет шығатын газетті тағатсыздана күтемін. Бүгінде бұл басылымда еңбек етіп жүрген тілі өткір тілшілердің  жасының да,  жасамысының да жазғандарын жібермей оқып отырамын. Көңілімнен шығады. Әсіресе,  бас  редактор  Жанұзақ Аязбековтың жазғандары жаныма жақын, жүрегіме жылы тиеді. Ол кісі қамтып жат-қан мәнді, тағылымға толы дүниелер жиі-жиі жазылып, баға жетпес байлықтарымыз, рухани құндылықтарымыз дәл осы газет бетінен табылып, басылымға әр қазақ төрінен орын берсе екен деймін. "Қостанай  таңы" газетінің ұжымына шығармашылық табыс тілеймін, жазғандарыңнан жазарларыңыз көп болсын! –  дейді газеттің бала күннен бергі оқырманы Қабдолла ақсақал.
Олай болса, біз де, төл тілімізді төрге шығарып жүрген бұл басылымға бағындырар биіктеріңіз көп болып, оқырмандарыңыз үстемеленіп, таралымдарыңыз сан тарапқа тарала берсін дегіміз келеді!
Ал ағайын, Сіздерге айтарым, төл газетіміз төрімізден табылсын! Сондықтан, "Қостанай таңын"  жаздырып алайық! 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓