Ешқандай іркіліс жоқ

Бүгін таңертеңгі 07.00-де еліміздің барлық өңірінде кенттердің, ауылдық округтердің, ауыл әкімдерінің сайлауы басталды. Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, облыстағы жиырма үш ауылда, екі кентте, қырық ауылдық округте  жүз жетпіс үш сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Осыған байланысты облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әлия Дуанбаева мен облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің басшысы Құрмет Мәжікенов өңірлік коммуникация қызметі алаңында брифинг өткізді. «Сайлау бюллетеньдеріне барлығы 147 үміткер енгізілген. Барлық 173 сайлау учаскесінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының инструкциясына сай дауыс беру кабинеттері жасақталған. Барлық учаскеде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамы, сот, прокуратура органдары телефон нөмірлері көрсетілген  қажетті ақпараттық стендтер,  учаскелік сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген дауыс беру кабинеттерінде сайлаушының өз-өзін ұстау қағидаттары туралы ережелер ілінген. Сайлау учаскелерінде КОВИД-19 коронавирус инфекциясының таратудың  алдын алу туралы қажетті шаралар қарастырылған. Барлық сайлаушыларды бүгін өтіп жатқан  кенттердің, ауылдық округтердің, ауыл  әкімдерінің сайлауына біркісідей қатысып, дауыс беруге шақырамын»,-дейді облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әлия Дуанбаева. Сондай-ақ, сайлау күні өңірдегі құқық қорғау органдары да қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға мейлінше күш жұмылдырған. Облыстық полиция департаментіне қарасты жергілікті полиция қыметінің басшысы Құрмет Мәжікенов бұл туралы айтып берді.
-ҚР ауылдық округтері мен аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын өткізуге байланысты облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр. Бүгінде облыс бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға 800-ге жуық полиция қызметкері тартылған. Құқық бұзушылықтың алдын-алу, оның ішінде сайлау өткізу орындарында қосымша тергеу-жедел топтары құрылды. Олардың құрамына прокуратура қызметкерлері де кіреді. Бюллетеньдер әкелінгенге дейін барлық сайлау учаскелері қауіпсіздік тұрғысынан тексерілді. Полиция бюллетеньдерді сайлау орындарына жеткізу кезінде басы-қасында жүрді. Айта кету керек,  «Сайлау туралы»  39-бапқа сәйкес полиция қызметкерлерінің сайлау процесіне араласуға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда болуға құқығы жоқ.  Сонымен қатар,  олар сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесуде тек комиссия төрағасы  шақырған жағдайда ғана бара алады. Жалпы, қазіргі уақытта облыста және сайлау учаскелерінде жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ,-деді жергілікті полиция қызметінің басшысы.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓