Ғалым еңбегі елеулі

Жуырда «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Thomson компаниясының Web of Science ғылыми ақпараттық базасына енген қазақстандық ғалымдардың тізімін жариялады.
photo_57401Тізімге енген 21 ғалымның арасында Рудный индустриялық институтының ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдірахман Найзабеков те бар. Оның ғылыми маңызы зор 16 мақаласы рейтингтік басылымдарда жарық көріп, Рудныйлық жоғары оқу орнының мәртебесін асқақтатты. Айта кетерлігі, авторлардың мақалалары халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілген зерттеу сапасына, сондай-ақ алынған нәтижелерді дұрыс жеткізуге байланысты тәуелсіз сараптамадан өткізілген. Яғни әлем қауымдастығы мойындаған беделді басылымдарға мақала жариялау екінің бірі қолы жете бермейтін іс. Бұл мақсатта Рудный индустриялық институты ғалымдарының еңбегі еселей түсіп, алдағы уақытта да білім мен ғылым көкжиегіндегі биік белестерді бағындыра беретініне сенеміз.
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓