«Темекіні кәмпитке ауыстыр!»
by
Qostanaı tańy
·
03.08.2015
Науырзым. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық денсаулық орталығы «Салауатты өмір салты» атты семинар өткізді. Бұл іс-шараға ауданның жұмысшы және өз-өзін жұмыспен қамтыған жастар, спортшылар және жас кәсіпкерлер қатысты. Семинар барысында «Темекіні кәмпитке ауыстыр!» атты акция ұйымдастырылып, салауатты өмір салты туралы буклеттер таратылды.