Ескі клуб жаңарады
Қарабалық ауданына қарасты оймақтай ғана Сарыкөл ауылында 20 жыл бойы жөндеу көрмеген клуб жуық арада жаңа кейіппен есік ашады. Бұл тек сарыкөлдіктердің ғана емес, көршілес ауылдардың да көңілдеріне қуаныш ұялатпақ.
Ауыл тұрғындары көнетоз клубқа назар түсерінен әлдеқашан үміт үзген. Аудандық бюджеттің қаржысы шалғайдағы мәдени ошақтардың жөндеу жұмыстарына сирек артылатын. Алайда биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы ел күтпеген ғанибетті қуаныш алып келді. Клуб жанданады – бір. Екіншіден, бірнеше адам жаңа қызметке таңдалады.
Жөндеу жұмыстарына 71 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазір таңнан-кешке дейін ауылдың бірнеше тұрғыны нысан айналасында еңбек етуде. Күні кеше ғана жиналыс залы төбесінен су шелектеп сорғалап, жұртшылық әлқандай мейрамдарды кіреберісте сеңше соғылысып қарсы алатын. Енді мәдени ошақтың ақаулы тұстары ғана емес, тұтастай іші-сыртының ажары енгізілмек. Едені тұңғыш рет линолему жамылып, жамауы көп жарықшақты әйнектер пластикалық терезелермен алмастырылады. Құрылысшылар жөндеу жұмыстарының нәтижесі ауылдықтар аузын ашып, көзін жұмарлықтай боларына уәде етіп отыр.
– Егер мемлекет ауылдарға қаржы құйып жатса, демек мұнда тіршілік жалғаса береріне сенгендіктері: тұрғындар туған топырақта өмір сүріп, жұмыс істейді, балалар оқиды, жаңа отбасылар пайда болады… Мұндай сенімді бізге де жоғалтпау аса маңызды! – деп толғанады клуб жетекшісі Құралай Башаева.