«Отбасым – киелі шаңырағым» байқауы өтті
Қамысты аудандық мәдениет үйінде «Отбасым – киелі шаңырағым» атты аудандық байқау өтті.
Сайыстың мақсаты – ұлттықсалт-дәстүрді, қазақы тәрбиені бойына сіңірген, ана тілді жетік меңгерген,өнерлі, өнегелі отбасылар арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,қазақстандық патриотизмді нығайту болып табылады. Қазылар алқасы сайысқақатысушылардың жоғары дайындықпен келгендерін атап өтті. Нәтижесінде біріншіорынды Хасеновтар отбасы жеңіп алса, екінші орын Қуатбек отбасы иеленді. Үшіншіорын Итесовтер отбасына бұйырды. Жеңімпаздар аудан әкімінің атынан марапатталып,дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.