Әкімге орынбасары В.Полешконы жұмыстан шығаруды ұсынды

Қостанай қаласы  әкімінің орынбасары Валерий Полешко «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша газ тартылмаған тұрғын үйді қолданысқа беруге келіскені үшін лауазымынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінен хабарланды. Мұндай ұсынысты тәртіптік кеңес білдірген. 
33131834-418Прокуратура құжатында өткен жылдың желтоқсан айында В.Полешконың Қостанай қаласы Қайырбеков көшесі, 371/1 мекен жайында орналасқан, «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша салынған үйді қабылдайтын мемлекеттік комиссиясының төрағасы ретінде мемлекеттік қабылдау комиссиясының бұл ғимаратты қабылдау құжатына заңсыз түрде қол қойғаны айтылған. Ғимарат газбен қамтылмағандықтан, 126 пәтердің иелері 8 ай бойы газсыз өмір сүруге мәжбүр болған.
Тәртіптік кеңес үйді қабылдау туралы шешімнің заңсыз екенімен келісіп, Қостанай әкіміне өзінің орынбасарын жұмыстан шығаруды ұсынды. 
Полешко ісімен қатар тәртіптік кеңесте осындай заң бұзушылыққа барған Қостанай облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының міндетін атқарушы Қайырбек Ерденовті жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуы тиіс еді. Алайда Ерденовтың уақытша жұмысқа жарамсыздығы салдарынан бұл мәселе қарастырылмады, деп хабарлады агенттіктің Қостанайдағы департаментінің баспасөз қызметінен.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓