Сауда орнында өткен түнгі жаттығу

DSC_0650Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес 22 қыркүйекке қараған түні  "101" тетігіне "Солнечный" сауда орталығында өрт шықты деген хабар түсті. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері оқиға болған жерге жетті. Электр өткізгіштің қысқа тұйықталуынан тауар сөрелері өртене бастады. Өрттің сауда орнына жайылу қаупі пайда болды. Өрт сөндірушілер мен сауда орны қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде өрт ошағы оқшауланып, бір сағаттың ішінде өрт сөндірілді. Жаттығуға жеке құрамның 40 адамы  10 өрт сөндіру техникасымен қатысты.
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓