Әр ағаштың сұрауы бар

шырша

Желтоқсан айы басталғаннан-ақ жасыл шыршаға "көз тігетіндердің" көбейетіні анық. Осыған байланысты мамандар облыс аумағындағы орман шаруашылықтарын қатаң бақылауға алды. Қала аумағы мен Қостанай, Алтынсарин, Әулиекөл, Таран, Ұзынкөл, Сарыкөл аудандары аумағындағы орман шаруашылықтарының жасыл желектерін бақылау бекеттері мен жедел топтар ерекше қадағалауға алынды. Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы бөлімінің бас маманы Ерлан Әлімов мәлімдеді. Әсіресе, жаңа жыл қарсаңында табиғат қорғау полициясымен бірлесіп, елді мекендердің сауда орындарында рейдтер жүргізіледі.
Ерлан Әлімов қылқан жапырақты ағаш тұқымдарын қорғау мақсатында  орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері бірқатар іс-шараларды қолға алды дейді. Олар ішкі істер департаменті, табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуге жол бермеу үшін орман шаруашылығы қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікке шығады. Оның ішінде Ресеймен шектесетін аумақтардағы күзетте  қырағылық күшейген. Облыс орталығына кіретін күре жолдарды жол полициясы қызметкерлері  бақылайды.  Осындай шараның нәтижесі де жоқ емес. Әзірге жасыл ағашты жөнсіз кесіп қолға түскендер жоқ. Бұл – бір жағынан, табиғат жанашырларының ең-бегі. Былтыр қылқан жапырақты жас талдарды заңсыз кесу дерегі анықталып, іс Алтынсарин АІІБ жіберілді. 285 мың теңгеден астам шығын өндіріліп алынды.
Үкіметтің Қаулысы бойынша қылқан жапырақты бір қарағайды заңсыз кескен азамат 15 ай-лық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.  Бұған қоса кескен қарағайдың санына және қасындағы ағаштарға қаншалықты зиян келтіргеніне қарай айып-пұл көлемі өсе түседі.
Жыл сайын орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті жаңа жыл мерекесі қарсаңында белгілі мөлшерде шыршаларды кесуге келісім береді. Биыл комитет тапсырысы бойынша Қостанай облысы бойынша 2080 ағаш кесуге рұқсат берілген. Ал, өткен жылы рұқсат етілген жасыл желектің саны – 2 680.
Шұға                              
      ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓