Жылдың соңғы жәрмеңкесі
Қостанай қаласындағы "Емшан" сауда орталығы маңындағы жабық павильонда ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкесі өтті. Сауда-саттық шарасында облыстың 14 ауданы мен Қостанай, Рудный қалаларының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өнімдерін әкеліп сатты. Жәрмеңкеге 120 тоннадан астам өнім әкелінген. Құны – 70 млн теңге. Әдеттегідей тауар бағасы нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен болды. Сауда-саттық барысын бақылауға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы келіп, бағаны қадағалады.
–Жаңа жыл қарсаңында соңғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіп отырмыз. Жалпы осы жылы 538 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Биылғы жылғы жәрмеңкелерде 6 мың тоннаға жуық азық-түлік төменгі бағамен сатылды. Сатылған өнімнің құны 2,6 млрд теңгені құрап отыр. Ал бүгінгі мерекелік жәрмеңкеге 27 тонна ет өнімдері, 14 тоннадай бірінші және жоғары сұрыпты ұн әкелініп отыр. Бұдан бөлек, 14 тонна қант, 14 тонна көкөніс, 13 тонна картоп және де тағы басқа өнімдер халыққа тиімді бағамен сатылып отыр, – деді аймақ басшысы.

Жәрмеңкеге жиналған жергілікті жұртшылық әдеттегідей жұмыртқа мен сұйық майға, қант-шәй және көкөністерге ұзын-сонар кезекте тұрды. Сондай-ақ, соғым уақытында қалалықтардың жәрмеңкені асыға күтетіндері жасырын емес. Жылқы мен сиыр еті көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті.
Базардағы бағадан әлдеқайда арзанырақ болған жәрмеңкеге келушілердің де қарасы қалың болды. Ет, көкөніс, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, бал мен жеміс-жидектер сатылымға шығарылды.Мәселен, сиыр еті 1350-1500 теңге / кг, жылқы еті-1500-1700 теңге, картоп пен свекла 70 тнг, күріш 290 теңге , макарон өнімі 165 теңге, 5 келілік ұн 495 теңге, сұйық май 1л – 300 теңгеден, 5л – 1500 теңгеден саудаланды.–Жәрмеңекеге келіп қажетті азық-түлікті сатып алып жатырмыз. Ет, жұмытқа, қаймақ алдым.Жәрмеңкедегі бағалар базардағы, дүкендегі бағалардан анағұрлым арзан. Осының барлығы халық үшін өте тиімді, – дейді қала тұрғыны Әсия Хасенова.
Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ