“Арқа жұлдызы – 2014”
Ә. Боранбаев атындағы кинотеатрда осындай атаумен балалар шығармашылығы ән байқауы өткізілді. Қалалық мәдениет сарайының ұйымдастыруымен өткен байқау ережесіне сай 6-9, 10-13, 14-17 жас аралықтарындағы 3 топ арасында өрбіді. Байқаудың мақсаты халықтың асыл мұрасы ән жанрын дәріптеу, ән шығармашылығына жастардың қызығушылығын арттыру және дарынды орындаушылардың өнеріне қолдау көрсетіп, келешекте жоғары дәрежелі сайыстарға жолдама беру болып табылады.


Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы