Жаңа жылдық жәрмеңке

IMG_2455юЖаңа жыл мерекесі қарсаңында әлеуметтік маңызды тауарлар мен азық-түлік түрлері бағасын тұрақтандыру облыс басшылығы назарында. Осы мақсатта бүгін Қостанай  қаласы әкімдігінің мұрындық болуымен осы жылдың соңғы жәрмеңкесі өтті. Облыс орталығындағы Спорт сарайында өткен жәрмеңкеге өңір басшысы Нұралы Садуақасов қатысып, тұрғындармен және тауар өндірушілермен пікірлесті. Сөреге қойылған азық-түлік бағасымен де танысты.
Облыс әкімінің айтуына қарағанда, мұндай жәрмеңке қарапайым халық үшін өте қолайлы. Өздерінің көңілі қалаған өнімдерін нарықтағы бағадан 15-30 пайыз арзанға сатып алады. Бұл әсіресе жаңа жыл мерекесі қарсаңында болғаны өте маңызды. Келесі жәрмеңке алдағы қаңтар айларында өтеді. Бұл жөнінде халықты алдын ала хабардар еттік. Сондықтан да, көріп тұрғандарыңыздай халық көп жиналды.IMG_2507ю
IMG_2498юРасында бұл жолғы жәрмеңкеде халық өте көп болды.Әсіресе, ет, ұн, шай, май, қант, сүт сияқты тауарларға сұраныс жоғары. Тауар сапасы жоғары әрі бағысы тиімді болғандықтан сауда сөрелері тез босап қалып жатты. Бұл жолғы жәрмеңкеде де тауық жұмырқасын сатып алуға кезекке тұрған адамдардың қарасы қалың болды. Ұзын-сонар кезектің соңы Спорт сарайына сыймай сыртта тұрғанын аңғардық.
Роза Ақжаркенова, қала тұрғыны.
-Жаңа жыл мерекесінің алдында азық-түлік көп аламыз ғой. Қарап тұрсам, мұнда ет,  ұн, қант та арзан. Барлығы күнделікті өмірде дастарханға керек. Мұндай жәрмеңкенің халыққа пайдасы мол.
 
 
Мешіт Ғазиз
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓