Халықаралық байқаудан жүлделі оралды
Таяуда Қарағанды қаласында өткен «Тұлға-2016» III Халықаралық музыкалық-шығармашылық байқау-фестиваліне қатысқан сарыкөлдік бүлдіршін Айзада Еркін «Вокал» номаинациясы бойынша жеңімпаз атанды.Мемлекеттік тілде оқытатын Сарыкөл орта мектебінің 3-сынып озаты әрі дарынды оқушысы Айзада үлкен сахнаға алғаш рет шығып отыр. Табиғи талант иесін музыка пәнінің мұғалімі, белгілі домбырашы Маржанкүл Тайжанова үш жылдан бері тәрбиелеп келеді. Бұл жолы да талантты тәлімгердің еселі еңбегі еш кеткен жоқ.
Жалпы, Айзаданың халықаралық дәрежедегі қара қылды қақ жарған қазылардан алған бағасы, мадақтама қағазы және сый-сыяпаты өзі үшін де, тәлімгері үшін де үлкен жетістік!
Олай болса, жас дарынды жеңісімен құттықтаймыз!
Руслан Әлкеев