Астық қоймасы іске қосылды

Жітіқара ауданының шаруалары енді бидайды сақтау жағынан қиналмайтын болды. Мұда заманауи астық қабылдау қоймасы ашылды. Оның қуаттылығы жылына 100 мың тонна астық сақтауға қауқарлы. Элеватор өнімді қабылдау, тасымалдау, тазалауға арналған. Серіктестік басшысы болашақта тағы бір қойманың құрылысын қолға алмақ. Бұл туралы Qostanai' арнасы жазады.астык коймасы
Қойманың құрылысына 280 млн теңге жұмсалған. Элеватордың жалпы сыйымдылығы – 100 мың тонна. Қоймадағы заманауи құрылығылар сынақтан өткізілген. Астық қабылдайтын таразылар бидайдың сапасын тексереді. Құрамындағы қамырлылығы мен  ылғалдылығын өлшейді.
Ауданда астық сақтау қоймасы бұрыннан тапшы. Шаруаларға өнімді алысқа тасуға тура келетін. Бұл қосымша шығын келтіретіні белгілі. Енді астықты осында сақтап, сата беруге жағдай жасалған. Диқандармен дидарласқан Архимед Мұхамбетов  бидайдың бағасына қатысты мәселеге тоқталды. Аймақ басшысы бүгінгі күні көліктік логистиканың дамуына барынша көңіл бөлінгенін жеткізді. Биыл аймағымызда бірқатар облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жөнделді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлде де жалғасын табады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓