Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы
2014 жылғы қарашадағы Қостанай облысы бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17366 теңгені құрады.
Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы – құнының шамасы бойынша ең төменгі деңгейдегі тұтыну қоржынына тең бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс.
Ең төменгі тұтыну қоржыны заттай және құндық шағылудағы тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығы. Ол азық-түлік қоржынынан (60%) және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің (40%) шығыстарынан тұрады.
Азық-түлік қоржынына 43 тамақ өнім-дерінің атаулары: ет, балық, сүт, май-тоң май, нан, жеміс-көкөністер және олардың түрлері, жұмыртқа, қант, шай, дәмдеуіштер және басқа тағамдар кіреді.
2014 жылғы қарашада 2013 жылғы желтоқсанға қатысты Қостанай облысы бойынша халықтың орташа жан басына ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 10,2% көтерілді, өткен айға – 9,0% төмендеді және 17366 теңгені құрады (тамақ өнімдері – 10420 теңге, азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер көрсету – 6946 теңге).