Шырша кешіне жиналды

Қостанайлық алпыс мүмкіндігі шектеулі бала жаңа жылдық шырша кешіне қатысты. Балақайлар Аяз атадан сыйлық алып, жергілікті цирктің қойылымдарын тамашалады.

«Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген бар емес пе?! Бала-болашақ, бала-ата жолын жалғаушы, бала-періште, бала-балғын жүрек. Оларға қуаныш сыйлау үшін қаладағы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жергілікті орталық көңілді кеш ұйымдастырды. Мерекелік шараның өтуіне шаһардағы бір топ кәсіпкер демеушілік жасаған.
Жаңа жылдық іс-шарада мерекелік дастархан жайылды. Аяз ата мен Ақша қар әр қатысушыға сыйлықтар тапсырды. Жаңа жылдық костюм киген балалардың жүздері балбұл жанады.
– Ата-ана үшін баланың қуанғанынан артық не бар?! Біз бала үшін өмір сүреміз ғой. Кішкентайымыз Бағжанды елеп-ескеріп мерекелік шараға шақырғанына қуаныштымыз. Жолдасым Бағдат екеуміз жұмысымызды жиып қойып ұлымызды шырша кешіне алып келдік,-деді жас ана Гүлжан Дастанова.
 
Изображение 2 706
Мультфильм кейіпкері «Өрмекші адамның» өнері үлкендерді де тәнті етті
 
Изображение 2 700
Күлкүлі кейіпкерлер кештің ажарын аша түсті
 
Изображение 2 685
Бағдат пен Гүлжан Дастановтар 8 жасар Бағжанмен бірге қуануда
 
Изображение 2 688
Ковбой кейпіндегі бала
 
Изображение 2 672
Бақытты бір сәт
Изображение 2 666
Қыз-жігіттер ән шырқауда
Изображение 2 665
Өнерлі Мәлика Мұхтарова өзі жасаған гүлді кішкентай інісіне көрсетуде
 
Изображение 2 648
Балалардың қолынан шыққан бұйымдар көрмеге қойылды
 
 
 
 
Қымбат Досжанова
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓