Долларландыру деңгейін төмендетудің үш бағыты

Ұлттық банк долларландыру деңгейін төмендетудің үш негізгі стратегиялық бағытын белгіледі. Олар 2015-2016 жылдарға қарастырылған жоспарда айқын көрсетілген.акша тенге
Алдағы уақытта макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту және көлеңкелі айналымды қысқарту, ұлттық валютаның шетел валютасынан басымдығын арттыру сияқты қаржылық іс-шаралар жүргізілмек.
Жоспарды жүзеге асыруда келесі шаралар қолданылмақ. Біріншіден, экономика тараптарын кеңейту, отандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту көзделген. Екіншіден, қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту қолға алынбақ. Ал  үшінші бағыт бойынша халықтың ұлттық валютадағы депозиттеріне кепілдік беру мөлшерін 5 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге дейін жоғарлатып, халықтың шетел валютасындағы депозиттерінің сыйақы жылдық мөлшерлемесін 3 пайызға дейін төмендетіп, бағаны шетел валютасында көрсетуге тыйым салынбақ.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓