Боз кілемде белдесті
Қостанайда қазақ күресінен Ахмет Байтұрсыновты еске алуға арналған республикалық турнир болып өтті. Жарысқа Алматы, Ақмола, Жамбыл, Павлодар облыстары мен Астана, Арқалық қалаларынан келген 171-ден астам боз кілем шеберлері күш сынасты.
Үш күн бойы белдескен палуандар арасында астаналық Е.Сейділдаев турнирдің абсолюттік чемпионы атанды. Ал, жекелеген салмақ дәрежелері бойынша боз кілемге шыққандар арасында жеңіс тұғырына мына палуандар көтерілді: 55 кг – А.Кеулімжай (Жамбыл обл), 60 кг – Т.Шегенов (Астана), 70 кг – Б.Мұқанов (Қостанай), 80 кг – Д.Пахридинов (Жамбыл обл), 90 кг – А.Сартаев (Жамбыл обл), +90 кг – Е.Сейділдаев (Астана қ).
Айбек
КӘДІРҰЛЫ