Спорт – денсаулық кепілі
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмысты жеке бақылауда ұстайды. Облыста ол бойынша 47 кәсіпкер жұмыс істейді. Аймақ басшысы мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін волейбол және шахмат секцияларын аралады. Секциялар жұмысы маусым айында басталған еді.
“Қазіргі уақытта облыста 203 спорт секциясы ашылды, онда 3300-ден астам бала шұғылданады. Спорттық тапсырысты облыстың барлық қалалары мен 5 ауданының (Меңдіқара, Жітіқара, Сарыкөл, Б.Майлин және Әулиекөл аудандары) 47 жеке кәсіпкері іске асырады. Олар – футбол, волейбол, шахмат, каратэ, баскетбол, бокс, еркін күрес және грек-рим күресі, таэквондо, ауыр атлетика, дзюдо және гимнастика секциялары. Бүгінде спорттық тапсырыстың міндеттемелері бойынша 67,2 миллион теңгеден астам қаражат төленді. Жақында спорт түрлерінің номенклатурасы кеңейтіледі. 2022 жылы орын саны 6 мыңға дейін артады", – деді облыс әкімі.
Ол кәсіпкерлерді спорттық тапсырысты дамытуға қатысуға шақырды. Олардың өтінімдері artsport.edu.kz.порталында қабылданбақ. Облыс әкімдігінде жыл сайын мемлекеттік спорт тапсырысының дамитынына назар аударылады, бұл бір реттік акция емес.
Бердіболат Көркембаев