Бұрынғының сөзі

Ағайын арасында телі-тентектер аз болған ба?! Сондай бір жиыннан бастары салбырап, ештеңе өндіре алмай ауыл-ауылдарына қайтып жат-қан топтың бірі асық ойнап  жатқан балалардың тұсынан өтеді. Сонда әлгі балалардың ішінен қараторы бір бала.
7dace4ce0c3ccf8d07f0e0ae49805438– Өстіп жүріп те ел боламыз дейміз-ау. Болмашы бір істің шешімін тауып, екі елді бітістіре алмай жүргенімізге жыл болды. Ал, білген кісіге оның бітімінен оңайы жоқ, – депті.
Мұны естіген үлкендердің бірі:
– Білгіш болсаң ана елге айтып, бітістірші, – дейді
– Апарыңыз мені үлкен үйге, жинаңыз жақсылар мен жайсаңдарды. Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамас, – дейді бала тайсалмастан.
Мұны естіген ел қайта жиналып, тентектерін ортаға шығарып "мына екеуінің қайсы айыпты екенін айырып берші" дейді манағы балаға. Сонда бала суырылып ортаға шығып, бір қолын жоғары көтеріп оңды-солды сілтейді. Онысын ел түсінбей, балаға қарайды.
Енді бала екі қолын көтеріп сермеп келіп алақандарын сарт-сұрт соғады. Жұрт тағы да түк түсінбей балаға қарайды.
– Ау, жарқыным! Мына жұмбағыңның шешуін өзің айтшы. Біз түк ұққанымыз жоқ, – дейді үлкендер.
Сонда бала:
– Бір қолымды сермегенде ешқандай дыбыс болған жоқ. Құр ауа ғана қармады. Екі қолымды сермеп, алақан соққанымда сарт еткен дыбыс ес-тілді. Мыналардың да шаруа-сы осы секілді. Екеуінің айдаладағы дауы мен жанжалын ешкім естіген жоқ. Олардың нені айтып, төбелесті қайсының бірінші бастағанын ешкім көрген жоқ. Бір құдай ғана куә. Егер екі алақан соғылып дыбыс шыққандай екеуінің жанжалын ел естіп, көргенде жағдай басқаша болар еді. Ендеше, мұның жолы біреу-ақ. Қазір екеуін ел алдында белуарына дейін шешіндіріп, төске-төс түйістіріп, татуластыру керек. Тәнге тән тигені екі жігіттің бір құрсақтан шыққанындай болғаны. Бір құрсақтан шыққан балада алауыздық болмайды, – деп кесім айтқан екен.
Жиналған ел баланың мына бітіміне риза болып:
– Оу, ағайын, мына қара бала болайын деп тұрған жігіт екен, мұның аты Қаражігіт болсын, – деп баталарын беріпті.
Сөйтіп, баланың Байменде деп азан шақырып қойған аты ұмытылып, ел оны Қаражігіт атап кеткен.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓