“Екі жұлдыз” сайысы өтті

IMG_3560Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Рудный индустриялық институтында салтанатты жиын өтті. Оған білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер қауымы қатысты.
Шара мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталды. Одан кейін сахна төріне институт ректоры, профессор Әбдірахман Найзабеков көтеріліп, ұжымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Еңбегі ескерілген оқытушылар мен қызметкерлерге және озат оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан бір топ студентке құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыстады. Салтанатты жиын соңы дәстүрге айнал-ған "Екі жұлдыз" ән сайысына ұласты. Сайыстың ережесі бойынша оқытушылар мен студенттерден құралған жұптар қазақ және шетел тілдерінде ән шыр-қауы тиіс. Яғни, басты мақсат мемлекеттік тілімізді кеңінен насихаттап, ұжымның шығармашылығын ынталандыру. Биылғы сайыстың шешуші кезеңіне ән айту  мәнері  жоғары  деп танылған 5 жұп іріктелініп алынды. Олар сахнада "Домбыра", "Елімнің жүрегі – Астана", "Ойла", "Здравствуй  столица",  "Шагай" сияқты халыққа кең таралған ән-дерді айтып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, сайыс жеңімпазы атанған проректорлар менеджері Толғанай Әбілқасова мен 1-курс студенті Нұржан Балғынбайдың орындаған шығармасы мен сахналық жүріс-тұрысы әділқазы алқасының көңілінен шықты. Екі сағатқа созылған  дәстүрлі "Екі жұлдыз" ән сайысының қорытындысы бойынша 2-ші орынды жастар ісі бөлімінің жетекшісі Анастасия Самойлова мен 3-курс студенті Мәрзия Сансызбаева иеленсе, 3-ші орын Экономика және құрылыс факультетінің оқытушысы Айгүл Жұмағалиева мен 1-курс студенті Мәдина Аманғалиеваға бұйырды. Барлық қатысушылар институттың кәсіподақ комитеті даярлаған ақшалай сыйлықпен және дипломдармен марапатталды.
Қуаныш
      ЕСҚАБЫЛ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓