Ит жылы құт жылы болғай! (БЕЙНЕ)
Қостанайда тәуелсіздік мерекесі қаланың басты шыршасын жағу салтанатына ұласуда. Сағат 18.00-де облыс әкімдігінің алдына жиналған халықтың қарасы көп. Түрлі-түсті шамдармен, әшекейлермен безендірілген жаңа жылдың символын тамашалауға келгендер Арқаның үскірік аязына да қараған жоқ.




– Қазақстан Қысқы универсиаданы абыроймен өткізді. Ал ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі тәуелсіз мемлекетіміздің келешек жолындағы маңызы зор шара болды. Бүкіл әлем жұртшылығы көз тіккен көрмеге жоғары баға берілгені еліміз үшін зор мәртебе болғаны рас. Біздің Қостанай облысында да талай ауқымды шаралар атқарылды. Жолдар, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп, бірқатары күрделі жөнделіп жатыр. Алдағы жылы да осындай маңызды науқандарға толы болады деген сенімдемін, – деді құттықтау сөз сөйлеген Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов.


Қыдырбек ҚИЫСҚАН
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.