Арқалықтағы ауыр қылмысқа байланысты брифинг өтті

Арқалық қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Т. Жанқылышев қандықол қарақшының қолынан қаза тапқан ерлі – зайыптылардың оқиғасына байланысты бринфинг өткізді. Белгілі болып отырғанындай қылмыс жасаушы алыстан келмеген. Марқұмдардың күнде көріп, араласып жүрген адамы екен.
 taran_audani– Желтоқсан айының 2 – ші жұлдызында қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 3 адамның хабарсыз кеткендігі жөнінде хабарлама түсті. Қараша айының 28 – нен бастап олардан ешқандай хабар болмаған. Телефон қоңырауларына жауапсыз қалыпты. Жедел іздестіру барысында, жоғалған үшінші адамның қылмысқа қатысы барлығы анықталды. Осыған орай адам ұрлығы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әріптестеріміздің қырағылығының арқасында қылмыскер көп ұзамай құрықталды, – деді осы қылмыстық істі өзі бас болып жүргізген полиция полковнигі Төрехан Кәкімжанұлы.
 Жалпы, биылдыққа қалада 5 ауыр қылмыстық іс тіркелген. Тәртіп сақшыларының күшімен әзірге осы қылмыстардың ашылмай қалғаны жоқ. Сақшылар халыққа күнделікті өмірде мейлінше абай болу қажеттігін ескертеді. Өйткені, сеніміңізге кіріп жүрген адамның ойда жоқта опық жегізуі мүмкін. Қазіргі таңда бизнестік серіктесін тіркелмеген қарумен атып тастап, ал оның жұбайын пышаққа салған қара ниетті қылмыскердің үстінен қылмыстық іс қозғалуда. 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓