Ғарыш әлеміне саяхат

 Көк аспан әлемі  үлкен-кішіміздің қай-қайсысымызды болмасын құпиялығымен, тылсым күшімен магниттей тартып, қол бұлғап шақырғандай болады. Тұңғиық аспанға жіті көз жүгіртіп, шамдай жарқырап тұрған жұлдыздарды, Жетіқарақшыны, Шолпанды көргенде, «қос қанатым болса, сол жұлдыздар әлеміне самғап ұшып барар едім» деген арман көкірегімізде сайрап тұрары да анық.  Енді  Жанкелдин ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі оқушыларының сондай армандары орындалмақ.
17956775-859Неге десеңіз,  Торғай өңірінде Ұлы Ұстаз Ы. Алтынсариннің  қазақ балалары үшін  алғашқы  бастауыш мектебін  ашқанына 150 жыл толуына  байланысты   облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасы мен   мемлекеттік мұрағатының ұйымдастырумен өткен дөңгелек үстел  аясында  өңіріміздегі «Алтынсарино» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Борис Князев осы айтулы датаға  Торғай селосындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры Қонысбай Ражановқа  телескопты құжаттарымен  сыйға тарту етті. Сый-тарту барысында  сөз сөйлеген облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Жанділда Мақанов өзінің өтінішін жерге тастамай құп алғанына «Алтынсарино» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Борис Князевке риза екендігін, мектеп  обсерваториясына телескоп алу үшін ол екі миллион теңге бөлгенін, сол секілді, мұндай телескоптың әзірге еліміздегі мектептердің бірінде жоқ екендігін  айтып өтті.
   Обсерваторияның құрылысы келесі жылдың жазында басталады. Ғимарат мектептің жанында болмақ. 
 
Гүлназым Сағитова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓