500 талапкерге орын бар
Ахаң атындағы Қостанай өңірлік университеті алдағы оқу жылында "Серпін-2050" бағдарламасы аясында 500-ге жуық талапкер қабылдауға ниетті.
Мемлекеттік бағдарлама 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Республиканың оңтүстігінен келген студенттер бюджет гранты бойынша солтүстік облыстардағы жоғары оқу орындарында оқуда. Оқу аяқталғаннан кейін олар ЖОО-да алған мамандықтары бойынша белгілі бір мерзімді өтеуі тиіс.
ҚӨУ-де 2015 жылдан бастап 2000-нан астам студент осы мемлекеттік бағдарлама бойынша білім алған.
Университет ректоры Алма Дощанова атап өткендей, жақында бағдарлама түлектері Қазақстанның солтүстігіндегі кез келген елді мекенде міндетті жұмысқа орналаса алады. Бұрын олар тек білім алған қалада ғана қызметке тұратын.
Келесі аптадан бастап университет оқытушылары "Серпін-2050" аясында ЖОО-ға әлеуетті талапкерлерді тарту үшін Қазақстанның оңтүстігіндегі мектептердің түлектерімен және директорларымен кездесу өткізу науқанына кіріседі.
Бұл біз жас студентер үшін үлкен мүмкіндік
Оқу орнына үлкен алғыс