Тағы да жұмысшы мерт болды
Облыс орталығындағы «Тобыл-Керамика» ЖШС аумағында 58 жастағы ер адамкөз жұмды.

Кәсіпорын бұрынғы химия зауытының аумағында орналасқан. Қайғылы оқиға 16 желтоқсан күні кешкі уақытта болды. Ол туралы кезекші бөлімге хабарланған соң, оған Қостанай облыстық ТЖД мен ІІД-нің жедел топтары, сондай-ақ жедел жәрдем көлігі келіп, қажетті шараларды қолға алды.
Қазір опат болған адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.