Ұлық мереке

       Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясында Тәуелсіздік күніне арналған  салтанат  кеші болып өтті.
   IMG_5575 Салтанатты іс-шара оқу ордасының жеке құрамы үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Әнұранының орындалуымен  басталды. IMG_5630
 Ұлық мерекеге арналған салтанатты кешті Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов  ашып,  жиналған қауымды, оқу ордасының профессорлық-оқытушылар құрамын, қызметкерлерді және тыңдаушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.  Ол өз сөзінде «Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бергі уақыт ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тәуелсіздігі мен ұлттық қауіпсіздігі, көп ұлтты IMG_5646Қазақстан халқының ынтымақтастығының және жарастығының арқасында болып отыр. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік көптеген жетістіктерге жетіп, әлемдік қауымдастықты мойындатты. Мемлекетіміздің барлық жетістіктері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен, оның жүргізіп отырған парасатты саясатымен байланысты», – деп атап өтті.
Іс-шара барысында академияның профессорлық-оқытушылар құрамы және қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, «Ішкі істер органының үздігі» кеуде белгісімен, құрмет грамотасымен, грамотамен марапатталды. Сондай-ақ, «полиция полковнигі», «полиция подполковнигі», «полиция майоры», «полиция лейтенанты» атақтары табыс етілді. Академия бастығының бұйрығымен бірқатар қызметкерлер грамотамен және алғыс хаттармен марапатталды. Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.
 
Гүлназым Сағитова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓