Ауыл қызметкерлері марапатталды

Таран аудандық «Ұшқын» мәдениент үйінде Тыңды игерудің 60 жылдығына және ауыл шаруашылығы қызметкері күніне орай салтанатты жиын өтті.
en-sx-2014 4Оған аудан әкімі Бақберген Өтеулин, ауыл en-sx-2014 8шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер, Мәжілістің экс-депутаты Тоқтарбай Қадамбаев пен еңбек ардагерлері қатысты. Алдымен келушілер фойеде ұйымдастырылған пионерлік оркестр, тыңшылардың палаткалары мен шағын сахналық қойылымды тамашалады. Одан кейін аудан басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес en-sx-2014 9қосқан бір топ ардагерлер мен қарапайым жұмысшыларды en-sx-2014марапаттады. Салтанатты жиын соңы мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.
 
 

 

Қуаныш Сейдоллаұлы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓