Қостанайда автожарыс басталды
Бүгін Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандардың «Кедергісіз келешек» халықаралық автожарысы басталды.

-«Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық көрсету үшін «Кедергісіз келешек» жобасын қолға алған болатын. Автожарыстың өтуіне партиялықтардың жобасы себепкер. Бұл шара бірнеше жылдан бері Қазақстанның ішінде ұйымдастырылатын. Биылдан бастап халықаралық деңгейге жетіп отыр,-деген Қостанай қаласының әкімі А.Ахметжанов қатысушыларға сәт-сапар тіледі.
Шаһар тұрғындары жоба қатысушыларын Қостанай қаласы әкімдігінің алдында салтанатты түрде шығарып салды. Автожарыс 30 тамыз-ҚР Конституция күні аяқталады деп жоспарланған.
Қымбат Досжанова
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков