«Терроризмге жол жоқ»
Аманкелді ауданы Ы.Алтынсарин орта мектебінде «Терроризмге жол жоқ» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Жиын барысында діни экстремизмнің алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру, терроризм мен діни экстремизммен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптары жан-жақты талқыланды. Жиынға қатысқан Сатыбалды Ишан мешітінің бас имамы Ж.Мүбаракұлы сөз сөйлеп, оқушылардың сұрақтарына толық жауап берді.