Ерлі-зайыптылардың мүрделері гараж шұңқырынан табылды

Арқалық қаласының полицейлері ауыр қылмысты  ашты. Бұл істің тергелуі екі адамның ұрлануы күдігімен басталған болатын, деп хабарлады Қостанай облыстық  ІІД баспасөз қызметі.
2rtyhj_0Қызметтестері мен туыстары полицияға адамдардың жоғалуы туралы ақпаратпен келген соң олардың пәтерін ашу шешімі қабылданған. Оның ішінен қан мен бытыралы оқтың іздері табылды.
Тергеу амалдары жедел қызметкерлерді Қарағанды облысына келді. Онда қылмысты жасауда күдікті танылған азамат ұсталды. Арқалық қаласының 39 жастағы тұрғыны ерлі-зайыптыларды жеке жақтырмаушылық қатынасы үшін өлтіргені белгілі болды.
Оның сөздеріне орай қылмыс жасалған орынды тексеру және нақтылау барысында жәбірленушілердің мүрделері жалға алынған гараждың шұңқырынан табылды. Қылмыс жасау кезінде қолданылған шолақ мылтық пен пышақ та осы жерден шықты.
Күдікті азамат қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды.  

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓