АрқМПИ акцияға қатысты
Республикалық «Мектепке жол» қайрымдылық акциясын Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы да шын ниеттерімен қолдап, алты жыл қатарынан жақсы дәстүрге айналдырып келеді.

Институт өкілдері сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырып, студенттер балалар үшін концерттік бағдарлама әзірледі.
Балалар мен олардың ата-аналары ізгілікті шара жасаған институт ұжымының көмектері мен қолдауларына үлкен алғыстарын білдірді.