Елебек ерді еске алуға арналды

Жуырда аудандағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін-де 20 жасында Ауған соғысында ерлікпен қаза болған "Қызыл Жұлдыз" орденінің иегері Елебек Ағатановты еске алуға арналған шахмат турнирі өтті. Бұл турнирге 16 шахматшы қатынасты. 1-ші орынды – Аманкелді орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жәнібек Зейнуллин, 2-ші орынды Үрпек ауылдық округі амбулаториялық емханасының бас дәрігері Мерей Иман, 3-ші Аманкелді орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Қуаныш Құрақбаев иеленді.
Шахмат турнирін өткізуге Елебектің туыстары демеуші болды. Ағатановтар – өсіп-өнген үлкен әулет. Көпшілігі бизнес саласында жемісті еңбек етіп келеді. Сондықтан да, Ағатановтар әулеті же-ңімпаздардың барлығына да ақшалай сыйлықтар тапсырды. Сонымен қатар турнирге қатысқан шахматшыларға да арнайы сый-сияпат жасады. Ешкім де еленбей қалдырылмады. Атап айтқанда, біраз шахматшыға тақтасымен шахмат сыйласа, енді бірқатарына сағат тарту етті.
Елебек Байғабылұлы Ағатанов – Ауған соғысында ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Ол соғыс барысында бірнеше жауды жайратып, командирін сақтап қалу үшін өз омырауын оққа тосты. Сондықтан да, кезінде СССР Қарулы Күштері Елебек Байғабылұлына туған ауылы Рахметке ескертшік орнатқан болатын.
Елінің ері атанған Елебекті еске алуға арналған шахмат турнирі жыл сайын өтіп тұратын болады.
Хамитбек
        МҰСАБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓