Автокөліктегі дәрі-дәрмек туралы бұйрық күшіне енді

Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен 11 қаңтардан бастап автокөліктерде дәрі-дәрмектердің жаңа құрамы болуы шарт.
 

 

 

 
14209729571c334-620x400Талапқа сәйкес, автокөліктің дәрі-дәрмек қобдишасында ең кемінде үш проценттік сутек тотығы, қан тоқтатын бұрау, медициналық қолғап, жабысқақ пластыр, тазартылған мақта, басы мұқал қайшы және таңып-байлайтын материалдардың бірнеше түрі болуы тиіс.
Бұрынғымен салыстырғанда авокөліктегі дәрі-дәрмек құрамында орап-таңуға арналған материалдар саны көбейтіліп, медициналық препараттар алынып тасталған. Бұған дейінгі ереже автокөлікте үсік шалған кезде, жүрек ауырғанда, уланғанда, күйзелісті жағдайда қолданылатын, сонымен бірге, ыстық түсіретін, ауырғанды басатын дәрі-дәрмек, йод ерітіндісі мен жараға жағатын көк дәрі (зеленка) болуын талап ететін.
Әр автокөлікте белгіленген құрамдағы дәрі-дәрмек салынған қобдишасы болуы міндетті. Ал егер ол жоқ немесе ондағы заттар белгіленген құрамдағыдан өзгеше болып шыққан жағдайда автокөлік жүргізушісіне ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген (он мың теңгеге жуық немесе 50 доллардан аса) мөлшері көлемінде айыппұл салынады

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓