Ұрпақ сабақтастығы

Табагабылов мажит

1941-1945 жылдары 2-ші Украина майданының зеңбірекшілер ротасының командирі Тобағабылов Мәжит Ержанұлы

Менің атам – Мәжит Ержанұлы Тобағабылов Ұлы Отан соғысының ардагері, рота басқарған офицер әскери атағы бар адам. Атам Қарабалық ауданының тумасы. Ел басына күн туған шақта майдан-ға Қиыр Шығыстағы Комсомольск қаласының әскери училищесінен аттанған екен.
Мәжит Ержанұлы 1941-1944 жылдары Екінші Украина майданында жауға қарсы соғысқан. Әскери маман бол-ғандықтан, ол кісі зеңбірекшілер ротасының командирі болған. Сол соғыста ауыр жарақат алып, еліне оралды. Елге келгеннен кейін Қостанай облысының Федоров ауданында және Торғай облысының әскери комисса- риатында басшылық қызметтер атқарды. Ол кісі соғыс жылдарында алған жарақатынан айықпаған күйі 1951 жылы қайтыс болды.
Атамды ел білікті де білімді ұстаз ретінде жақсы біледі. 1939 жылға дейін Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Жосалы орта мектебінде мұ-ғалімдік қызметте болған. Ол мектеп айрықша тәртіптегі балаларға арналған білім ұясы болғандықтан, ондай мектепте жоғары даярлықтағы біліктілігі жоғары, білімділігі терең, ұстамды, тәртібі қатаң ұстаздар еңбек ететіні баршамызға мәлім.
Ұлы Отан соғысына Мәжит атамның туған бауыры Ораз-ғали Ержанұлы да қатысқан. Ол кісі саяси жетекші қызметін де атқарған сауатты адам бол-ған. Қарап отырсаңыз біздің жанұямыз аталарымыздан бері әскери қызметшілер екен. Оразғали атамның жұбайы Бибі әжеміздің ерлігін ел-жұрт ұмыта қойған жоқ – соғыс ке-зінде от пен оқтың арасынан өтіп жүріп, Украина халқына көмекке мал айдап апарып, Отан үшін қан кешкен ана. Осы кісінің ерлігіне арнап "Мамырдан мамырға дейін" ("От мая до мая") атты деректі фильм түсірілді. Бибі әжемнің жанкешті ерлігі Қостанай өңірімен қоса бүкіл Қазақстанға мәлім. Жас ұрпақтардың бейбіт өмірі үшін жанын пида еткен аталарымыздың ерлік істері мәңгі ұмытылмайды!
Мен де аталарымның жолын таңдап, әскери қызметті қаладым. Елімді, жерімді ішкі-сыртқы жаулардан қорғауға, тыныштығын сақтауға қызмет етуге даярмын. Бүгінгі жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеуге өз үлесімді бір кісідей қосып келемін.
Дархан ТОБАҒАБЫЛОВ,
Әулиекөл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери қызметкері.
1941-1945 жылдары 2-ші Украина майданының зеңбірекшілер ротасының командирі
Тобағабылов  Мәжит Ержанұлы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓