Рудныйлық спортшылар топ жарды
Рудныйлық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің командасы Қадырбек Оспановты еске алуға арналған облыстық баскетбол турнирінде топ жарды.

Қадырбек Оспанов – облысқа еңбегі сіңген жаттықтырушы, КСРО-ның спорт шебері және Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің үздігі. Он жылдан астам Қостанай облысының мәдениет және спорт басқармасын басқарды. Оның атындағы турнир 2006 жылдан бері ұйымдастырып келеді.
Қуаныш Сейдоллаұлы