Тұрғын үй қоры толығуда

Рудныйда қаңырап бос тұрған тағы бір үйдің бойына қан жүгірді. ERG мен Қостанай облысы әкімдігінің арасындағы меморандумға сәйкес жаңартылып жатқан нысан Сандригайло көшесінде орналасқан. уйЖалпы аумағы – 6180 шаршы метр. Бас мердігер «Рудныйсоколовқұрылыс» компаниясы мамандарының айтуынша, ғимараттың қасбеті Еуразиялық Топтың бренд-бугіне сәйкес безендірілмек. Үйдің айналасы қоршалып, балалар алаңы мен автотұрақ орналастырылады. Жаздың соңында басталған құрылыс жұмыстарын қыстың қытымыр аязына қарамастан көктемге дейін аяқтау жоспарда бар.уй2
Айта кетейік, 90 пәтерлі баспана «ССКӨБ» АҚ жұмыскерлеріне 20 жылға дейін жалға беріледі және барлық ай сайынғы төлемдер үйді сатып алатын кезде есепке алынады. Қазақстан Ипотекалық компаниясы бекіткен жылдық сыйақы мөлшері 3,5 пайыз ғана. Бұл қазіргі нарықтағы ең тиімді ұсыныс екендігі сөзсіз.уй1
Бұған дейін де хабарлағанымыздай, бүгінде Качарская көшесінде де 75 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы толығымен аяқталды. Барлық құжаттар реттестірілгеннен кейін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында кеншілердің алғашқы легі қоныс тойын тойламақ.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓