Қоғамдық көліктер санитарлық талапқа сай емес
Қазіргі індетке байланысты қоғамдық көліктерге санитарлық өңдеу жұмыстары уақытылы жүргізіліп тұруы тиісті. Осы жұмыстарды бақылау үшін Қостанай қаласында мониторингтік топ құрылды. Оның құрамына Қостанай қаласы әкімдігінің, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, жергілікті полиция қызметінің және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органының өкілдері кірген.



"Жарық жол-1" ЖШС қарасты №24 бағытындағы автобусты тексеру кезінде мынадай келеңсіздіктер анықталды:
– қоғамдық автокөліктің іші дезинфекциялау құралдарымен өңделмейді;
– автокөлік құралдарының барлық жүргізушілері жеке бас гигиенасын сақтамайды. Арнайы маскалары, қолғаптары жоқ.
– салонда коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға сай ақпарат ілінбеген;
– автобустардың отырғыштары (тігілген маталар) дезоөңдеуден өтпеген. Бәрін айтпағанның өзінде осы жұмыстарды атқару үшін қажетті деген арнайы құралдардың өзі жоқ.


Айтолқын АЙҚАДАМОВА