“Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік”
Еліміздің теңдесі жоқ мерекесі Арқалық қаласында да кең көлемде аталып өтілуде. Сондай маңызды шараның бірі Ә. Боранбаев атындағы кинотеатрда көрініс тапты.

Желтоқсан көтерілісінің куәгерлері, қала тұрғындары Әлия Қарсақбайқызы, Айгүл Сүлекеева, Дәмет Есенжолқызы тағылымды кештің құрметті қонағы болды.
Салтанатты шақта колледж директоры Динагүл Мұстақапқызы, №2 облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасының директоры Алма Жақсылыққызы, қала жастарының көшбасшысы Аманкелді Ахметжановтар құттықтау сөз сөйледі. Тәуелсіздік күніне арналып колледж қабырғасында өткен апталық белсенділері марапатталды. Өнерлі жастардың күшімен ызғарлы желтоқсан зардаптарын паш еткен сахналандырылған қойылымдар көрсетілді. Кітап көрмесін ұсынды.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы