Колледж жабылады

Рудный технология және сервис колледжі келесі жылы өз қызметін тоқтатпақ. Көптен бері талқыланып келе жатқан оңтайландыру мәселесіне соңғы нүктені Қостанай облысының Білім басқармасы қойды. Бұл шара, ең алдымен, бюджет қаржысын үнемдеуге бағытталған. Колледж директоры Төлеген Жабуловтың айтуынша, бүгінде оқу орнын оңтайландырудың егжей-тегжейлі жоспары әзірленген.колледж
– Біздегі аспаз-кондитер, шаштараз, контролер-кассир мамандығында оқитын студенттер тау-кен технология колледжіне, наубайшы мен тігіншілер әлеуметтік-гуманитарлық колледжге, ал автослесарлар мен автоэлектриктер құрылыс және көлік колледжіне ауыстырылады. Қазіргі міндет – осы білім мекемелері жаңа мамандықтарды оқыту үшін 2019 жылдың 1-наурызына дейін лицензияны алу қажет. Егер үлгермесе, колледж өз жұмысын уақытша жалғастыра беретін болады. Осы орайда мұғалімдер де, техникалық персонал да жұмыссыз қалмайды, – деп сендірді ол.42675038_1950767191656744_5870245305991036928_o
Бүгінде колледжде 350 студент оқиды, оның 125-і – бітіруші түлектер. Қалған 225-і оқуларын басқа білім мекемесінде жалғастыруға тура келеді.
Білім басқармасындағылар оңтайландырудың нәтижесінде үлкен ғимаратты ұстап тұруға кететін қомақты қаражат үнемделетіндігін алға тартады. Әкімшілік қызметкерлері де қысқарады: екі директор мен екі есепшінің орнына бір-біреуден. Үнемделген қаражат аталған колледждердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға бағытталмақ.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓