Ұлттық мереке Тәуелсіздік күні қарсаңында өңіріміздің әр білім ордасында түрлі іс-шаралар өткізіліп жатқаны баршаға аян.
Бүгін бұл бастамаға қаламыздағы тоғызыншы мектеп те өз үлесін қосты. Балғындар мерекеге арнап өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналары «Толағай» спорттық бағдарламасымен жиынның көркін одан сайын қыздыра түсті. Онда қатысушылар төрт топқа бөліп, сайыстың сегіз түрі бойынша өнер көрсетті.
-
Бұл шараны өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылып

отыр деп айтуға болады. Ол біз үшін аса мақтаныш. Тәуелсіздігімізді қадірлеп, балаларын отанының патриоты қалып тәрбиелеу әр ата-ананың арманы, -дейді шараны ұйымдастыруға мұрындық болған дене шынықтыру маманы Нұрсұлтан Біржекенов.