Облыстық бюджет бекітілді

Өңір басшысы Нұралы Садуақасовтың қатысуымен Қостанай облыстық мәслихатының XIV сессиясы өтіп, мұнда халық қалаулылары 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетті бірауыздан мақұлдап, бекітті.
byudetЭкономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спановтың баяндамасына сүйенсек, алдағы жылға жұмсалатын қазынаның ақшасы былтырғы жылға қарағанда қомақтырақ екен. Кейбір әлеуметтік және ауылшаруашылық салаларына бөлінген ақша биыл-ғы жылмен салыстырғанда сәл кем де болды. Бұл жағдайды Нұралы Садуақасов мәжіліске қатысып отырған барлығына егжей-тегжейлі түсіндірді. Әкімнің айтуынша, әлгіндегі салаларға бөлінетін келер жылғы қаржы биыл толықтай игеріліп, орындалыпты. Сондықтан да экономика және  бюджеттік жоспарлау басқармасы осындай шешімге келіп отыр екен.
Ауыл шаруашылығы саласына бөлінген қаржы турасында мәжіліске қатысушы Борис Князев те пікір айтып, бұған еш алаңдаудың қажеттігі жоқтығын жеткізді және оны талдап та берді.
Нұрболат
      МЕШІТБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓