Облыс көш басында
Қостанай облысы ауыл шаруашылығын цифрландыру жөнінен ел бойынша бірінші орында. Бұл туралы облыс активімен және бизнес-құрылым өкілдерімен өткізген жиыны барысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.
Облыс әкімінің орынбасары Миржан Мырзалиев үкімет басшысына атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндап берді.
-Саланы цифрландыру аясында негізгі екпін нақтылы жер иелігі мен "ақылды ферма" элементтерімен қамсыздануға салынады. АШМ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-мен тызғыз қарым-қатынас орнату арқылы мұндай ақылды технологиялармен жұмыс істейтін ақылды құс фабрикасы, сүт және ет фермалары секілді пилоттық агрофирмалар таңдап алынды,-деді М.Мырзалиев.
"Садчиковский", Жас Қанат", "Қарқын", "Заречный", "Тороян" ЖШС және "Тэрра" ШҚ-тарын цифрлық технологиямен жабдықтау нәтижесінде жылдық экономикалық тиімділік 1,5 млрд теңгеден асқан.
-Базалық сала ретіндегі ауыл шаруашылығын приоритетті тәртіпте цифрландыру керек. Сондықтан жұмысты одан әрі жалғасыра беру шарт, – деді министр.